Балабақшамен  қайта қауышар  күн  алда

0
6

(Мектепке дейінгі  ұйымдардың  жұмысын  қайта  бастау тәртібі  аясында)

Балабақшаға бару – бала өміріндегі маңызды оқиға. Осыдан 3 ай бұрын әлем жұртын дүрліктірген қауіпті дерт қазақ жұртына да жетіп, бәрімізді үйде оқшаулануға мәжбүр еткен еді. Жаңа  індетке қарсы тұруға қауіпті вирустың алдын алу үшін барлық білім беру мекемелерінің жұмысы уақытша тоқтатылған  болатын.

Сурет m.azh.kz сайтынан алынды

Таралған індетке байланысты баршамыз оқшаулансақ та, жұмыс тоқталмай, ата-аналармен жүргізілген жұмыстың формасы мен әдістері олардың педагогикалық мәдениетін көтеруге, балабақша мен отбасының өзара ынтымақтастығына және тәрбие жұмысының әлеуетін арттыруға бағытталды.

Сондықтан мектепке дейінгі ұйым эпедемиялық  жағдайда өз жұмысын күрт өзгертті. Уақытша орын алған келеңсіз жағдайға орай, балабақшада саналы білім беруде жаңа көзқарастар пайда болып, алдыға жаңа міндеттер мен талаптар қойылды.

Барлық педагогтар үйде отырып, онлайн эфир арқылы ата-аналармен бұрыннан бар бірегей байланысты барынша бекемдеу үшін жауаптылықпен жұмыла жұмыс жүргізді. 

Жұқпалы  ауру, қауіпті дерттің таратылмауын алдын алу мақсатында ата-аналарды дүрлікпеуге шақырып, дағдарыс жағдайға бейімделіп, үйлерінде болып, балаларының денсаулығын қорғауға, дене қызыуын тексеріп, сағат сайын тазалықты сақтау үшін вирусты залалсыздандыру жұмыстарын дұрыс жүргізуге қашықтықтан сауалдар қойып, бала тәрбиесі ортақ міндет екендігіне кеңестер берілді.

Балабақшада дайындық жұмыстарын нығайту мақсатында әр тәрбиеші өз тобының балаларына, ата – аналарына тиімді онлайн байланыс арқылы тапсырмалар беріліп, оқу жаттығу жұмыстары жұмыс жоспарына сай жүргізілді. 

Бүгінгі күні мектепке дейінгі  ұйымдарда жұмысты қайта  бастау тәртібінің алгоритміне сәйкес тиісті шаралар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 1 маусым күнінен бастап барлық балабақшалар бүлдіршіндерге есігін айқара ашуға дайын.

Мектепке дейінгі ұйымдар «кезекші топтар» режимінде жұмыс жасайтын болады. Бұл жағдайда да әдеттегі жұмыс тәртібі болады, алайда санитарлық талаптар сақталады. Мектепке дейінгі дайындық топтарының балалары балабақшаға 1 тамызға дейін бара алады.  

Мектепке дейінгі мекемелерде қауіпсіздік шаралары қатаң қолға алынады. Балалардың денсаулығы туралы анықтамасы талап етіледі.

Ауданымызда мектепке дейінгі ұйымдар саны – 104, ондағы бала саны – 8 390.  Оның ішінде: жеке меншік балабақшалар саны – 70 (ондағы бала саны – 5 983), мемлекеттік балабақша саны – 16 (ондағы бала саны – 1 767). Шағын  орталықтар саны – 18 (ондағы бала саны — 640). Балабақшамен қамтылу 99,7 пайызды құрады.

Дені сау, рухы таза ұрпақ өсіру — балабақша қызметкерлерінің ең маңызды кәсіби борышы болып саналады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ