Балық аулап жүрген қостанайлық азамат суға кетті

0
0

Қостанай облысының құтқарушылары Тарановск ауданындағы көлден ер адамның денесін алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: Еспресо

«Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы Тарановск ауданының Береговое ауылынан 5 шақырым жерде түрған Жалтыр көлінен 28 жастағы азаматтың мәйітін алып шықты», — деді Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілі.

Ведомствода мәлім еткендей, ер адам балық аулап жүріп суға батып кеткен.

Қолында жеке құтқару құралдары болмаған.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ