Батыс Қазақстан облысында кәсіпкер мен оның жанұясын өлтіріп кетті

0
4

14 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде тұрғын үй отқа оранды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, өрт сөндірушілер үй ішінен үш адамның денесін тапқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Фото: «Мой город» басылымы

Басылым ақпараты бойынша, оқиға Бәйтерек ауданына қарасты Янайкино ауылында болған. Кешкі уақытта жергілікті үйлердің бірінен өрт шыққан.

Төтенше жағдай орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер үй ішінен үш адамның денесін тауыпты. Алдын ала ақпарат бойынша, оларда пышақ жарақаты болған.

БАҚ өкілдері қаза тапқандар бір жанұя мүшелері- кәсіпкер, оның жары мен ұлы болып шыққанын анықтады. Басылым ақпаратына сәйкес, 66 жастағы кәсіпкер кеңшар басшылығында болып, кейіннен жеке кәсіпорнын ашқан.

Ауыл әкімі Ауған Алмұрзиннің сөзінше, марқұм болған ұлы Ресейде тұрған. Ол ата-анасының үйіне қонаққа келіпті.

Ал аудан әкімі Асхат Шахаров жанұяның үлгілі болғанын айтады. Марқұм отбасыны барлығы құрметтеген дейді ол.

Ерлі-зайыптылар өңірдің белсенді тұрғындары болған. Сондықтан, бұл жаңалық ауылдағы көптеген тұрғынның еңсесін түсіріп отыр.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ