Бауыржан Байбек: Фейк ақпарат әділеттілік пен жауаптылықтың орнын басты

0
2

Бүгін Алматыда өтіп жатқан XV Еуразия медиа форумында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қазіргі заманда бұқаралық ақпарат құралдарының адамдардың санасына қалай әсер етіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Біздің көз алдымызда геосаяси, өркениетаралық қақтығыс күшейе түсуде. Өкінішке қарай, халықаралық саясаттың құралы ретінде тас дәуірінің құралдары күш қысым және қауіп-қатерлер алдыңғы қатарға шығып отыр. Әлемдік БАҚ көбінесе өздерінің зор мүмкіндігіне байланысты ғаламдық және өңірлік кикілжіңдердің негізгі құралы болып жатады. «Фейк» жаңалық көп жағдайда әділеттілік пен жауаптылықтың орнын басуда. Бүгінгі БАҚ-тың әсері соншалық олар қоғамдық пікірді ғана емес, сонымен қатар санамызды өзгертіп, адам ұстанымына әсер етеді.

Алайда орын алып жатқан өзгерістерде іргелі және жаһандық сипатта алдымен мемлекеттердің өзара қарым-қатынасы басым. Сондықтан да қарыштап дамуда секциялық пен әріптестік, сенім мен жауапкершілік негізгі факторлар болып қала беретініне сенімдімін», — деді Байбек ЕАМФ ашылуында.

Ол еліміз тәуелсіздік алған күннен бастап халықаралық ынтымақтастық сенім қағидаларын ұстанатынын, ел Президентінің сарабдал саясатының арқасында Қазақстан Еуразия медиа форумы секілді әртүрлі маңызды әлемдік мәселелерді қарастыратын диалог алаңына айналғанын атап өтті.

«Бүгінгі ақпарат құралдары әлемдік қауымдастықты әртүрлі себеп төңірегінде шоғырлануға, адамзаттың әрі қарай дамуының негізгі шеңберін көрсетуге, диалог мәтінін тек ынтымақтастық тұрғыдан кеңейтуге, жалпы айтқанда әлемді жақсартуға қызмет етеді. Осы форум жан-жақты талқылауға жағдай жасай отырып ашықтық пен ынтымақтастық негізінде түйткілді мәселелерді тиімді шешу жолдарын табуға көмектеседі», — деді Алматы қаласының әкімі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ