Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

0
2

Қазақстанға тамыздың 8-і күні оңтүстіктен құрғақ циклон келеді және ауа райына жоғары атмосфералык кысым әсер етеді. Соның салдарынан еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысыңда және орталығында Мурманск ауданынан келген солтүстік-батыс циклонының әсерінен кей жерлерде ғана жаңбыр жауып, найзағай болады. Бірқатар аумақтарда жел күшейіп, дауыл соғып, шаңды дауыл көтеріліп, солтүстік өңірдің кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең кей жерлерге тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аумақтарында түнде және таңертең тұман түсіп, тағы бірқатар өңірлерінде күндіз дауыл тұрады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Бұршақ жаууы да мүмкін.

Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріледі. Түркістан облысының бірқатар аумақтарында шаңды дауыл тұрып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Екпіні 23 м/с болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, күндіз екпіні 25 м/с болады.

Күндіз Алматы, Жамбыл облыстарында, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде аптап ыстық күтіледі.

Күндіз Алматы облысының кей жерлерінде өте қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде өрт қауіпі сақталады.



ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ