BekAir ұшағының апатқа ұшырау себебінің алдын ала болжамы жарияланды

0
2

Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр BekAir әуекомпаниясы ұшағының апатқа ұшырау себептерін анықтау бойынша үкіметтік комиссия жұмысының алдын ала болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: sputniknews.kz

«Комиссия апаттың мән-жайын талдай келе 4 нұсқаны анықтады: біріншіден, әуе кемесіне коммерциялық жүктің тиелуіндегі және ұшақтың тепе-теңдігін анықтаудағы бұзушылық, екіншіден метеожағдай секілді сыртқы ықпал, үшінші пилоттаудағы экипаждың қателігі және төртіншісі авиациялық техниканың бұзылуы», — деді Роман Скляр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан Бекэйр компаниясының ұшағы радардан жоғалып кетті. Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ұшақ апатының себептерін тергеу бойынша Үкіметтік комиссияның отырысы өткізілген еді.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия жіберілді.



ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ