Бельгиялықтар Тунисті ірі есеппен ұтып, келесі кезеңге өтті

0
0

Әлем біріншілігінің «G» тобында Бельгия құрамасы Тунисті 5: 2 есебімен ұтып, 1/8 финалға жолдама алды деп хабарлайды Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасаған UZYN.KZ.

Фото : fifa.com

Ойындағы жеті голдың төртеуі алғашқы таймда соғылды. Матч басталысымен өткір шабуылға көшкен еуропалықтар 6-шы минутта пенальти тебу құқығына ие болды.

Тунистік қорғаушы өз айып алаңында дөрекі ойнап, төрешінің назарынан тыс қалмады. 11 метрлік айып добынан команда капитаны Эден Азар мүлт кетпеді. Бельгиялықтардың шабуылы мұнымен тоқтап қалмады. 16-шы минутта Лукаку есепті еселей түсті.

Алайда араға екі минут салып тунистіктер таблодағы есепті қысқартты. Стандартты жағдайды тиімді пайдаланған Дилан Бронн Куртуаны қапы қалдырды. Бірінші таймға қосылған қосымша минутта қақпашымен бетпе-бет шыққан Лукаку матчтағы екінші голын салды.

Екінші таймда бельгиялықтар ойынды толықтай өз қолдарына алды. 51-ші минутта Эден Азар дубль авторы атанса, 90-шы минутта Бачуай бельгиялықтардың бесінші голын салды.

Тунис құрамасының капитаны Хазри ойынның соңғы сәтінде командасының екінші голын салып, матчтағы қорытынды есепті белгіледі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ