Бибігүл Төлегенова 90 жылдық мерейтойын атап өтті

0
0

3 желтоқсан күні елордада әлемдік опера примадоннасы Бибігүл Төлегенованың 90 жылдық мерейтойына арналған кеш өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

«Астана Опера» театрында өткен мерекелік шараға Б.Төлегенованың шақыртуымен қазақстандық танымал опера әншілері, ізбасарлары, Бибігүл Төлегенова байқауының лауреаттары қатысты.

Қазақтың бұлбұл әншісі өзінің ауқымды репертуарынан бірқатар нөмірлерді орындады.

Атап айтқанда, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсынан Жібектің (Гәкку) ариясы, Г.Тукайдың сөзіне жазылған татардың «Тафтиляу» әні, Н.Лысенконың «Наталка-Полтавка» операсынан Наталканың ариясы шырқалды.

Жиналған қауым ҚР халық әртісінің әрбір өнер көрсетуінен кейін тік тұрып, қошемет көрсетті.



ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ