КамАЗ жүк көлігі абайсызда жүріп кетіп, бес адамды басып кетті

0
4

24 тамызда Өзбекстанның Сурхандарья облысында Байсун ауданында қайғылы оқиға болды. Биік жерге қойылған КамАЗ жүк көлігі абайсызда жүріп кетіп, бес адамды басып кеткен. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. 

Көрнекі фото: auto-evro4.ru

ІІМ баспасөз қызметінің өкілдері қайғылы оқиғаның нәтижесінде үш адам қаза тауып, екеуі түрлі ауыр жарақатпен ауруханаға тапсырылғанын айтты.

Алға тартқан нұсқалардың бірінде көлік біркелкі емес жерде тұрғандықтан тежеуіш жүйесі КамАЗ-дың салмағын ұстай алмаған.

Оқиғаның нақты мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ