Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

0
1

Ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: grodnonews.by

24 маусым түнде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, солтүстіктен және солтүстік- батыстан жел соғады. Жел екпіні — 15-20 м/с. Өңірдің басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

24 маусым күндіз Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркіреп, дауыл тұрады. Бұршақ жауады .

Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде жел қарқыны — 15-20, екпіні — 25 м/с жетеді.

Өскемен және Семей қалаларында найзағай ойнап, бұршақ жауады.

Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

24 маусым түнде және таңертең Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Жел жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

24 маусым күндіз Маңғыстау облысында 39 градус аптап ыстық сақталады.



ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ