Биылғы жылы облыста «Көмек 103» жүйесі іске қосылды

0
4

Алматы облысында денсаулық сақтау саласындағы алғашқы медико-санитарлық көмектің, әсересе ауылдық жерлерде қолжетімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде, деп хабарлайды UZYN. KZ Алматы облысы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: Жәрдем
Бұл мәселе өңір үшін өте өзекті саналады, себебі облыстағы халықтың 80 % ауылдық жерлерде тұрады. Бұл туралы бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты.

Облыста 5,5 млрд. теңгеге 18 нысанның құрылысы жүріп, 5 нысанға күрделі жөндеу жасалып жатыр. Медициналық ақпараттық жүйелерді енгізу аяқталып, 1 млн. 450 мың электрондық денсаулық төлқұжаты тіркеліп, халықты қамту деңгейі 83% құрады.

Биылғы жылдан бастап «Көмек 103» жүйесі іске қосылды, бұл жедел жәрдемнің ауылдық жерлерге жету уақытын 15 минутқа, қалаларда 7 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ