Бозбаланы қағып өлтірген көлікте болған Өскемен әкімінен жауап алынды

0
9

Риддерде 19 жастағы баланы қағып өлтірген көліктің ішінде болған Өскемен әкімінен куәгер ретінде жауап алынды. Қуат Тұмабаев қылмыс жасалған жерден не үшін бой тасалағанын түсіндіріп берді деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Қазақ үні

Әкімнің сөзіне сенсек, ол марқұм Евгений Смольниковқа жедел-жәрдем шақырту үшін машинаға мініп жолға шығыпты. 

Сол сәтте оны алысқа ұзатпай тәртіп сақшылары ұстап алған.

Айта кетерлігі, шенеуніктің тек куәгер есебінде сұралды. Ол әкімшілік жауапқа тартылып та үлгерген. Және тәртіптік кеңес Тұмабаевты мүлдем қызметіне сәйкес келмейді деп сырттай шешім шығарды.

Ал, адам қағып өлтірді деп айыпталған Бауыржан Құрманбаевқа қатысты сот үкімі ертең шығады деп күтілуде. Оның жазасыз қалуы да ғажап емес. Өйткені 19 жастағы бозбаланың әкесі Виктор Смольников кінәліге кешірім берген.

Ол бұл шешімін «науқас әкесі бар шенеунікке аяушылық таныттым» деп түсіндіреді.

Еске салсақ, қайғылы оқиға 15-ші сәуірде болған. Араққа сылқия тойған Ридер қаласы әкімінің орынбасары «BMW Х5-пен» жол жиегіндегі жаяу жүргіншіні жаншып өткен. Евгений Смольников сол жерде тілге келместен көз жұмған еді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ