Бозымбаев орынбасарларының ұсталуы жайында: Мен әзірге ештеңе айта алмаймын

0
5

Бүгін елордада халыққа есеп беру кездесуі барысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев орынбасарларының ұсталуына қатысты пікір білдіре алмайтындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: Егемен Қазақстан

«Өкінішке қарай, пікір білдіре алмаймын. Өйткені тергеу шаралары жүріп жатыр. Әрине, мен жолдастарымды ойлаймын. Менің қандай да пікірім тергеу ісіне араласу және қысым көрсету ретінде түсіндірілуі ықтимал. Сондықтан да бұл мәселеге жария түрде мүлдем пікір білдіре алмаймын. Егер осы мәселеге қатысты қандай да бір ақпараттарды білгіңіз келсе, адвокаттардан, тергеушілерден сұраңыз», — деп жауап берді министр кездесуге қатысушылардың тарапынан қойылған сұраққа.

Естеріңізге сала кетсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібековті ұстаған еді. Оған «Аймақ» ЖШС мердігер ұйымының басшысымен қылмыстық келісімде Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазартуға бөлінген аса ірі көлемдегі бюджеттік қаражатты жымқырды деген айып тағылған.

Одан кейін Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев те пара алу күдігімен ұсталған болатын.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ