Бозымбаев: Ресейлік бензинге тыйым салатын бұйрыққа аптаның аяғында қол қойылады

0
1

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ресейлік АИ-92 бензинін елімізге жеткізуге тыйым қашан салынатынын айтып берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: nur.kz

Қанат Бозымбаевтың айтуынша, ресейлік жанармайға тыйым салу үш айға жалғасады деп жоспарлануда.

Ол мұндай шешім Қазақстанға өз қоры жеткілікті болғандықтан шығарылғанын еске салды.

Министр тыйым салу туралы сәйкесінше бұйрыққа аптаның аяғында қол қойылуы тиіс екенін алға тартты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ