Бразилияда ыстықтан балықтар жаппай қырылып жатыр

0
2

Аптап ыстықтан Рио-де-Жанейро қаласы маңындағы көлдердің бірінде 15 мың тонна балық қырылып қалды. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлайды.

Фото: Выживание.com

Себебі, шаһардағы ауа температурасы 40 градустан асып кеткен. Сарапшылардың айтуынша, қатты ыстықтан көлдегі оттегі азайып, апатты жағдайға әкелген.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, 5 жыл бұрын балықшылар осындағы көлден 65 мың тонна өлі балық аулаған. Бірақ ол кезде балықтардың қырылуына нөсер себеп болған. Шелектеп құйған жауыннан көлге зиянды қалдықтар тараған.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ