Бренд логотиптерінің құпиясы

0
4

Бренд логотиптерінің құпиясын білу әр адамға қызық деген оймен оны сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

Фото: russian.fansshare.com

Пепси

Бұл газдалған сусын “пепсин” ас қорыту ферментінің атына байланысты қойылған.

Сони

Сони латын тілінің ”sonus” дауыс деген сөзінен шыққан. Компания басшылары «сони» сөзі құлаққа жағымды естіліп, кез келген тілде жеңіл айтылғандықтан осылай атауды жөн көрген.

Фольксваген

Фольксваген – неміс тілінде «халықтық көлік» дегенді білдіреді.

Verizon (әлемдегі ең үлкен телекоммуникациялық компаниялардың бірі)

Verizon сөзі латынның «veritus» (шындық) және ағылшын сөзінің «horizon» (горизонт) деген екі сөздің қосарлануы арқылы жасалған.

Starbucks

“Starbucks” кофе сауда-саттық корпорация атауын “Моби Дик” романының кейіпкерінен алған.

Sharp

Жапондық электротехника өндіру компаниясы есімін ең алғашқы өніміне байланысты қойған – «мәңгі өткір» («sharp» ағылшын тілінде өткір деген мағына береді) механикалық қалам.

Sega

Sega сөзі Service Games of Japan сөзінің қысқартылған түрі (Жапония ойын қызметі). Компания алғашында пинпол ойынын автоматпен қамтамасыз етумен айналысқан.

Reebok

Стильдік формада “Rhebok”. Ол африкалық антилоп мағынасына түсіндірме ретінде жүреді.

Nokia

Nokia технологиялық компаниясы бастапқыда ағаш өңдеумен айналысып, кейіннен фин елінің Нокиа қаласында резина шығаруға көшкен.

Ebay

Компанияның негізін салушы Пьер Омидьяр «Echo Bay Technology Group» компаниясына анолог ретінде сайт жасап берген болатын. Сөйтіп Омидьяр сайтын «EchoBay.com» атымен тіркемек болады, алайда бұл сайттың есімі бос болмағандықтан қысқартып ebay.com атымен ашқан.

Кока-кола

Кок жапырағы мен кола жаңғағы газдалған сусынға дәмдеуіш ретінде жүреді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ