Британияда ер адам бейтаныс әйелдің арқасында байып кетті

0
1

Британиның Оссетт қаласының тұрғыны Аррон Уолшоу Lotto Millionaire Raffle лотереясынан жеңімпаз билетті сатып алған – ол өз кезегін берген бейтаныс әйелдің арқасында «бақытты» орынға ие болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror сайтына сілтеме жасап.

Фото: Baq.kz

Ер адам кассаның жабылуына екі минут қалғанда үлгеріп келген. Ол келгенде бейтаныс әйел де кассаға келе жатқан. Уолшоудың қатты асығып тұрғанын көрген әйел оған өз кезегін берген. Әйел дәл сол сәтте оған өзінің джекпотын беріп жатқанын білмеген де.

Келесі күні Аррон миллионер болып оянған. Кезектен тыс сатып алған билеті бір миллион фунт ұтып берген.

Ер адам ұтып алған қыруар қаражатын қайда жұмсайтынын да шешіп қойыпты. Ол сүйіктісімен бірге ұлан-асыр той жасамақ.

Жас миллионер өзіне джекпотын берген бейтаныс әйелді де іздеп тауып, оған алғысын айтпақ ниетте.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ