Понедельник, Декабрь 10, 2018
Домой Новости Жамбылского района

Новости Жамбылского района

Жамбыл ауданында жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға қандай жәрдем беріледі?

Қазіргі таңда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға үкімет тарапынан барынша әлеуметтік, материалдық  және рухани қолдау жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Бұл тұрғыда Алматы облысы Жамбыл ауданындағы аудандық білім бөліміне қарасты қамқоршылық және қорғаншылық фнукцияларын жүзеге асырушы органы да аудан көлемінде түрлі ауқымды жұмыстар атқаруда....

Аудан әкімі Жәмилә Бақбергенованы арнайы құттықтап, ат мінгізді (фото)

Жамбыл ауданы жұртшылығы мен аудан әкімі Бағдаб Байшалұлы қазақ күресінен Әлем чемпионатында топ жарып, қол медальді қанжығасына байлаған Жәмилә Бақбергеновамен кездесіп, оған ат мінгізді деп хабарлайды UZYN.KZ. Қазақ күресінен Әлем чемпионатында қола жүлде иеленген Жәмилә Бақбергенованы өзі туып өскен өлкесі, Жамбыл ауылының жұртшылығы және Аудан...

Жамбыл ауданының жас өнерпаздары шығармашылық фестивальдан жүлдемен оралды

Қараша айынының басында Ресей Федерациясының Сочи қаласында XXXVI Халықаралық «На творческом Олимпе» атты фестиваль-байқауы өтті. Аталған байқауда Жамбыл ауданының өнер мектебінің оқушылары жүлдемен оралды деп хабарлайды UZYN.KZ. Аталмыш шараға, Қазақстан, Өзбекстан, Ресей мемлекеттерінен барлығы 300 өнерлі жастар қатысты. Жан-жақтан келіп қатысқан өнерпаздардың ішінен, қазақ елінің...

Жәмилә Бақбергенова күрестен әлем чемпионатынан қола медальмен оралды (фото, видео)

Қазақстандық Жәмилә Бақбергенова 23 жасқа дейінгі қатысушылардың арасында өткен күрестен әлем чемпионатында үшінші орын алды. Румыниядан жеңіспен оралған спортшы қызды жерлестері әуежайдан үлкен құрметпен күтіп алды деп хабарлайды UZYN.KZ. 72 келі салмақ дәрежесінде күрескен Бақбергенова алғашқы белдесуінде жапон қызы Наруха Мацуюкиді жеңген болатын. Одан кейін АҚШ...

Ұзынағаш кәсіптік колледжінде тастанды балалар мәселесіне арналған ашық сабақ өтті

Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжінде 14 қараша күні «Мен өмірді таңдаймын» атты сыныптан тыс іс-шара болып өтті. Шара қыз балаларға берілетін тәрбие мен қазіргі күннің өзекті әлеуметтік проблемаларына арналды деп хабарлайды UZYN.KZ. Колледж психологы Сеитова Айжан Кадылбековна іс-шараны "Тамақтануды ұйымдастыру" мамандығы бойынша білім алып жатқан...

В Астане прошел первый Форум сельских женщин Казахстана

8-9 ноября в Астане прошел первый в истории Казахстана Форум сельских женщин, где были награждены 10 работниц госкорпорации, являющихся руководителями ЦОН в сельских районах, сообщает Uzyn.kz. Среди лучших была руководитель отдела Жамбылского района Департамента "Центр обслуживания населения - филиала НАО "Государственная корпорация "Правительство для граждан" по...

Ақындар мен батырлардың елі — Жамбыл ауданы 90 жылдығын атап өтті (видео)

9 қараша күні Алматы облысы Жамбыл ауданы құрылғанына 90 жыл толу мерейтойын атап өтті деп хабарлайды UZYN.KZ тілшісі.  Салтанатты шара Жамбыл Жабаев пен Қарасай батыр сынды тұлғалардың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Іс-шара аудандық Мәдениет үйінде жалғасын тауып, Жамбыл ауданының құрылуы мен қалыптасуына үлес қосқан...

Жамбыл ауданында үш бірдей нысанның ашылу салтанаты болып өтті (фото)

Жамбыл ауданы Теміржол ауылдық округінде үш бірдей нысан ашылды. Аудан басшысы Бағдат Байшалұлы Әлиев пен сол ауылдың тұрғындары және ауыл ақсақалдарының қатысуымен Қазыбек бек бекетінде полицияның тірек пункті, футбол алаңы мен саябақ алаңы ашылды деп хабарлайды Жамбыл ауданы әкімдігінің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасаған...

Жамбыл ауданында «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ кеңсесі ашылды (фото)

Алматы облысының бірнеше аудандарын табиғи газбен қамтамасыз етіп отырған "Алматыгазсервис-Холдинг" АҚ-ның бүгін ауданымызда Қарғалы ауылдық округінде кеңсесінің ашылу салтанаты өтті деп хабарлайды Жамбыл ауданы әкімдігінің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасаған UZYN.KZ. Ашылу салтанатына аудан әкімі Бағдат Байшалұлы Әлиев бастаған ауданның ақсақалдары мен сол компания өкілдері...

Жамбыл ауданына жұлдызды жұп Мирас пен Құралай келді (фото)

Кеше, 29 қазан күні Аудандық мәдениет үйінде, "Жамбыл ауданының жастар ресурстық орталығының" ұйымдастыруымен "Ұрпақтар сабақтастығы" бағдарламасы аясында "Бабалар жолымен, ағалар ізімен..." атты рухани кездесу кеші өтті деп хабарлайды UZYN.KZ. Кешке ауданға еңбегі сіңген аға буын өкілдері қатысты. Алдымен конақтарымыз ауданымыздың жас өнертапқыштарының дайындаған көрмесімен танысты. Кеште...

Жамбыл ауданы тұрғындарына хабарландыру!

Құрметті аудан тұрғындары! 2018 жылдың 01 қарашасынан Ұзынағаш ауылындағы орталық базар және автостанция маңында жол қозғаласы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кептеліс болдырмау мақсатында, Жамбыл көшесі мен Қарасай батыр көшесі қиылысынан («Қазпошта» ғимаратынан) бастап Сарыбай би көшесіне дейін (шығыстан батысқа қарай) Жамбыл көшесінің бөлігінде автокөлік құралдарының...

Жамбыл ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды деп хабарлайды UZYN.KZ. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 15 бабының 1 тармағына сәйкес Тұрлашов Әмірхан Лаззатұлы 2018 жылдың 19 қазан айынан бастап, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Әмірxан Лаззатұлы 1988 жылы Алматы қаласында дүниеге...

Популярное

Горячие новости