Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

0
1

«Қазгидромет» РМК 29 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды UZYN.KZ.

Фото: uchim-klass.ru

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады. Кей жерлерінде тұман, жел күшеюі, найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.

 Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с күшейюі күтіледі, кей жерлерде найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл болып, шанды дауыл соғады.

Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Алматы, Кызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.




ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ