Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

0
10

15 сәуірде Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы, болады деп хабарлайды UZYN.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.

Фото: Reading.com.ua

15 сәуірде Қазақстанда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын түседі, солтүстік және солтүстік-батыстың кей жерлерінде қатты нөсер жауады, тек оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыста күн райы ашық болады. Кей жерлерде тұман, найзағай, көктайғақ болады, желдің күшеюі, бұршақ жаууы ықтимал, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, найзағай, бұршақ күтіледі, жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді.

Павлодар, Ақмола, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, найзағай, бұршақ күтіледі, жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, найзағай, жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, найзағай күтіледі, таңертең және күндіз шаңды дауылмен жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғуы ықтимал.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, мүмкін бұршақ күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының күндіз Жалаңашқал ауданында жел 15-20 м/с күтіледі. Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, түнде Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Жамбыл облысында найзағай жарқылдайды.




ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ