Дүйсенбіге ауа райы болжамы

0
4

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 20 мамыр күні жаңбыр жауады. Тек батыста, оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Республиканың кей аймақтарында найзағай, тұман, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстікте кей жерлерде шаңды дауыл болжанады, деп хабарлайды UZYN.KZ.

Фото: obltv.ru

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, түнде Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл болжанады, желдің екпіні 25 м/с артады. Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін. Қарағанды облысында тұман күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 23 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл болжанады, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысында найзағай, тұман, бұршақ күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Ақмола облысында кей жерлерде найзағай, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан облыстарында таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с артады. Жамбыл облысында дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Павлодар облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі, желдің екпіні — 18 м/с.

Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде үсік күтіледі — 1-3 градус.

Қызылорда, Түркістан облыстарының жекелеген аумақтарында жоғары өрт қаупі сақталады.




ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ