Дәрігерлер Қырғызстанда зардап шеккен қазақстандықтардың жағдайын айтып берді

0
3

Алматылық дәрігерлер Қырғызстанда таудан құлаған тас көшкіні астында қалып қойып зардап шеккендердің қандай жарақат алғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

Алматы әуежайына Бішкек маңындағы тауда тас көшкінінен зардап шеккен туристер тікұшақпен жеткізілді. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасында хабарлағандай, науқастарды тексеруге 4 жедел жәрдем бригадасы шықты.

«2 науқас (Қазақстан азаматтары)жедел жәрдем дәрігерлеріне қаралып, ауруханаға барудан бас тартты. Қалған 4  науқас (екеуі Қазақстан азаматы, екеуі РФ азаматы) №4 клиникалық  ауруханаға жеткізілді. Арнайы зерттеулер, диагностикалық тексерулерден өтті. Төртеуі де жарақаты жеңіл болған соң  үйлеріне жіберілді», — деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Исабеков.

Оның айтуынша, ер адамдарды қарау барысында барлығының терісінің сырылуы, қолы және аяқтарының жарақаттары, іштеріне зақым келуі анықталған.   Ер адамдардың ең үлкені 50 жаста болса, ең жасы 26 жаста екен.

Еске салайық, 30 шілдеде Қырғызстан аумағында Бішкек қаласынан 40 шақырым қашықтықта Скрябин мұздығы ауданында бір топ туристер тасқұламаға тап болған еді. Зардап шегушілердің арасында төрт Қазақстан азаматы бар. ҚР Сыртқы істер министрлігі Қырғызстандағы тасқұлама кезінде қазақстандықтың мерт болғанын растады.

Еске салайық, 30 шілдеде Қырғызстан аумағында Бішкек қаласынан 40 шақырым қашықтықта Скрябин мұздығы ауданында бір топ туристер таудан құлаған тас көшкініне тап болған еді. Зардап шегушілердің арасында төрт Қазақстан азаматы бар.

ҚР Сыртқы істер министрлігі оқиға кезінде бір қазақстандықтың мерт болғанын растады.

Қырғызстанға ҚР ТЖК Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қазавиақұтқару тікұшағымен туристерге көмекке аттандырылды.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ