Дәрігерлер Роналдудың денсаулығына таңқалды

0
1

«Ювентус» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдудың қазіргі физикалық жағдайын 20 жастағы адамның денсаулығымен салыстыруға болады. Бұл туралы beIN SPORTS журналисі Маттео Бонетти мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: Baq.kz

Медициналық тексерудің қорытындысы бойынша Роналдудың организмінде бар-жоғы жеті процент майдың бар екені анықталған. Ал кәдімгі адамның денесінде майдың үлесі 10-11 процентті құрайды. Бұдан бөлек, шабуылшының денесінің жартысы бұлшықеттерден тұрады, бұл орташа көрсеткіш бойынша 46 процентке тең.

2018 жылғы әлем чемпионатында 33 жастағы португалиялық футболшы шамамен 34 шақырымға жүгірген. Бұдан бөлек, ӘЧ-2018 кезінде жылдамдығын сағатына 33,98 шақырымға жеткізген, бұл турнирдегі ең жоғары көрсеткіш болып отыр.

Сондай-ақ, португалиялық Ресейде өткен мундиальға қатысқан ойыншылар арасында өнімділігі ең жоғары футболшы атанды.

Еске сала кетсек, Роналду 10 шілде күні мадридтік «Реалдан» туриндік «Ювентусқа» ауысқан болатын.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ