Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші жеңісіне қол жеткізді (видео)

0
0

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті. Лондонда өткен бокс кешінде отандасымыз венгр боксшысы Золтан Шабонмен қолғап түйістірген деп хабарлайды vesti.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: BNews.kz

York Hall аренасында өткен жекпе-жек 6 раундқа созылды. Алғашқы сәттерден бастап-ақ басымдықты ұстаған Данияр соңғы сәттерге дейін қарсыласын қыспаққа алумен болған.

Бұған екі жыл ішінде 34 жекпе-жек өткізіп үлгерген Золтан да шыдап баққан. Нәтижесінде төрешілер шешімі бойынша отандасымыз жеңіске жетті.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 28 сәуір күні Нью-Йоркте өткізіп, америкалық боксшы Ноа Кидті 3 раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ