Демалыс күндері жауын-шашын жауып, тұман мен көктайғақ болады

0
1

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: mogilevnews.by

Алдағы күндері солтүстік, орталық және шығыс облыстарда Қазақстан территориясы арқылы жылжитын суық атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын жауып, тұман және көктайғақ болады.

Фронттардың орнына антициклон келіп, республиканың оңтүстік, содан кейін орталық, шығыс және солтүстік облыстарында жауын-шашын тоқтайды, алайда тұман мен көктайғақ сақталады.

Биіктегі ауа массаларының ағымы батыс бағытынан болғандықтан, ауа температурасы біраз төмендейді. Соған қарамастан күн райы орташа көпжылдық мәннен жоғары күйінде қалады.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ