Денис Тен өмірінің соңғы сәттерінде желіде не туралы айтты

0
7

Қазақстандық мәнерлеп сырғанау Денис Тен пышақ жарақатын алардан бұрын Алматыдағы мейрамханалардың бірінде түскі ас ішкен, деп хабарлайды ҚазАқпарат спортшының Инстаграмдағы парақшасына сілтеме жасап.

Фото: ҚазАқпарат

«Stories» бөлімінде үш сағат бұрын Денис Тен Hedonist мейрамханасының геолокациясын көрсеткен.

Оның сөзіне қарағанда, ол жерге rus_libirry никімен тіркелген пайдаланушы шақырған. Ол да спортшының видеосын жазылушыларымен бөліскен.

Кеше ол белгілі қазақстандық блогерлермен бірге отырған фотосуреттері мен видеоларын бөліскен.

Еске сала кетейік, Данис Тен сағат үште пышақ жарақатын алып, Алматыдағы орталық ауруханаға түскен. Оқыс оқиға Құрманғазы-Байсейітова көшелерінің қиылысында болған.

Алматы ІІД берген мәліметтерге қарағанда, спортшы көлігінің айнасын ұрлап бара жатқан екі адамның үстінен түскен. Екі арада басталған жанжалдың нәтижесінде әлгі адамдар Денис Тенді пышақтап кеткен.

Өкінішке қарай, 17:30-да Тенис Тен қайтыс болды.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ