Денис Тенге қастандық жасалған маңда ұрылар тағы бір автокөліктің айнасын сындырған

0
2

Шілденің 21-не қараған түні Денис Тенге қастандық жасалған жерге жақын маңда жазушы Илья Одеговтың көлігінің айнасын белгісіз біреулер сындырып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

«Бүгін түнде сағат 3-тердің шамасында белгісіз біреулер көлігімнің айнасын сындырып, ішіне кірмек болған. Бұл менің үйімнің қасында, күні кеше Дениске қастандық жасалған жерден 100-150 метр қашықтықта болды. Көше жақтан қатты дауысты естігенде әлі ұйықтамаған едім. Сосын автокөліктің сигналы ойнап қоя берді. Терезеден қарағанымда көліктің жанынан екі адамды көріп қалдым »,-деп жазған ол парақшасында.

Жазушы ұрылармен байланысудың қауіпті екенін айттты.

«Мен мұндай адамдармен бетпе-бет келудің қауіпті екенін білемін. Өкінішке орай, бұған Денис Теннің қазасы мысал бола алады. Алайда өз мүлкіңді біреудің иеленбек болғанын көріп қалай қарап тұрарсың. Сол түні қолыма гайка бұрайтын кілтімды алып сыртқа атып шықтым (қолыма түскені сол болды). Қарасам ендігі ешкім жоқ. Мен қылмыскерлерді қорқытып жіберген болуым керек, олар осы жақын жерге жасырынып қалды. Қараңғыда әлдекімдердің сыбырлаған дауыстары естілді»,-делінген жазбада.

Илья Одегов түнгі сағат 3-те полиция бөлімшесіне хабарласып, болған жайды айтқан. Олар 10-15 минуттан соң партрульді жібереміз деген. Осы уақыт бойы жазушы көлігін күзетіп далада тұрған. Бірақ тергеушілер 50 минут өткен соң ғана оқиға орнына жеткен. Арыз жазу жұмыстары таңғы 5.30-ға дейін созылған.

«Ең қорқыныштысы бұл оқиғаның Денис Теннің қазасынан кейін, тіпті дәл сол маңда болып тұрғанында. Көтерілген шуға, бұл ауданды полицейлердің торуылдап жүргеніне қарамастан қарақшылар қорқатын емес»,-деген жазушы.

Илья Одеговтың айттуынша, біраз жылдан бері тұрып келе жатқан ауданында автокөлік ұрыларынан көресіні көрген.

«Қанша жылдан бері көлігімді есік алдына қоямын. Оны сырып кеткен кездері де болды. Бірде есіктің қақпақшалары мен бітеуіштерін алып кетті. Осындай ұсақ-түйек қана болмаса көлемді заттар ұрланған жоқ. Оның үстіне көлігіме құнды заттарды қалдырмайтын едім»,-деген ол.

Алматы ІІД аталған оқиғаға қатысты ақпаратты 23 шілде дүйсенбі күні беретін болды.

Еске сала кетейік, 19 шілде күні күндіз Денис Тен көлігінің айнасын ұрламақ болғандардың үстінен түскен болатын. Ұрыларды ұстаймын деп жүргенде пышаққа түскен спортшы ауруханада қайтыс болды.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ