Денис Тенге кімнің пышақ салғаны анықталды

0
3

Күдіктілердің бірі Денис Тенге сұққан пышағын жасырған жерді көрсетті. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

Қазір қалалық ІІД тергеу басқармасы ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу ісін жүргізіп жатыр. Күдіктілер Қиясов пен Құдайбергенов өз қылмыстарын толық мойындады.

«Күдікті Құдайбергенов Арман тексеру кезінде суық қару жасырынған жерді көрсетті. Пышақ қылмыстық іс материалдарына қосылды. Аталған іс бойынша бірқатар сараптама: молекулярлы-генетикалық, қарудың медициналық-криминалистикалық, медициналық-биологиялық сараптамасы, сот медициналық сараптама тағайындалды. Бетпе-бет кездесу барысында Қиясов Нұралы Денис Тенге пышақ салғанын мойындады», — делінген хабарламада.

Айта кетсек, Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға Құрманғазы Байсейітова көшелерінің қиылысында 19 шілдеде түскі сағат 15:00 шамасында болған. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған. Ол оң жақ санының жоғарғы тұсына жарақат алды. 25 жастағы Тен үш литр қан жоғалтып, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Бірақ Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов қосымша қан қажет еместігін және ресурстар жеткілікті екендігін мәлім еткен болатын.

2,5 сағатқа жалғасқан реанимациялық шараларға қарамастан, аурухана дәрігерлері оның өміріне араша түсе алмады. Сағат 17.30-да Олимпиада жүлдегері қайтыс болды.

Адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Бүгін белгілі болғандай, спортшының өліміне қатысы бар екі күдіктінің бірі ұсталып, ол қылмысын мойындады. Екінші күдікті — 1994 жылы туған Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай ауылының тумасы Арман Құдайбергеновке іздеу жарияланды.

Сондай-ақ,  Денис Теннің өліміне күдікті Нұралы Қиясов күзетпен Алмалы аудандық сотына жеткізілген

. Ал Денис Теннің өлімі бойынша күдікті екінші адам Арман Құдайбергенов ұсталды.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ