Денис Теннің көлігінен ұрланған айналарды кімнің сатып алғаны белгілі болды

0
6

Полиция Денистің көлігінен ұрланған айналарды күдіктілердің кімге сатпақ болғанын анықтады. Алып-сатумен айналысатын тұлғаларға қатысты полиция тиісті іс-шаралар атқаруда деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Sputnik Казахстан

Бұл туралы Астанада өткен брифингте Ішкі істер министріінң орынбасары Рашид Жақыпов мәлімдеді.

«Денис Теннің көлігінен ұрланған айналарға келер болсақ. Біз күдіктілердің айналарды кімге сатпақ болғанын анықтадық. Оларға қатысты да тиісті іс-шаралар жүзеге асырылуда», — деді Рашид Жақыпов.

Сонымен бірге, ол полицейлер қылмысты ашу кезінде түрлі «тиімді» тәсілдерді қолданатынын айтты.

«Мен жұмыста қолданылатын барлық тәсілдерді айтып бере алмаймын. Қолданыстағы тәсілдер тиімді, жасалған қылмыстың мән-жайын ескере отырып, аталған тәсілдер арқылы біз қылмысқа қатысы бар тұлғаларды аз уақыттың ішінде анықтадық.

Біздің қызметкерлер тез арада анықтаған өте ауыр деңгейдегі қылмыстарды мысалға келтіре аламын. Бұдан бөлек, бұл қылмыстың бетін ашуда біз жедел тергеу шараларын да кешенді түрде қолдандық», — деп түсіндірді Жақыпов.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ