Денис Теннің соққы жегенін көрген екі полицей жауапқа тартылуы мүмкін

0
2

Алматыда Денис Теннің ұрылармен жаға жыртысып жатқанын көрген полицейлер жауапқа тартылуы мүмкін. Бұл туралы бүгінгі алдын ала сот тыңдалымы барысында жәбірленуші тараптың қорғаушысы Нұрлан Өстеміров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото : Zakon.kz

«Видеосы бар. Куәгерлер түсіп қалған. Екі полиция қызметкері жүр. Олар не істеп жүр онда? Қазір оларға қатысты ұлттық бюро қылмыстық іс қозғап жатыр. Бірақ олар әзірге шара қабылдамағаны үшін тартылып жатыр. Тапсырыс берушілер болуы ықтимал. Қиясов Денистің өлімін өз мойнына алып отыр. Видеода көрінгендей ол артқы жағыннан келген. Ал артқы жағындағы адам қалайша адамның алдына келіп, санының ішкі жағынан пышақтың жүзін жоғары қарата тіледі. Тура хас шебер сияқты. Тамырын тілу үшін істелген деп ойлаймыз. Сондықтан, істе басқа да күдіктілер болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз», — деді қорғаушы Өстеміров.

Мұның алдында  сотталушылардың жеке басы туралы мəлімет белгілі болды. Сотталушы Жанар Толыбаева өзінің жүктіліктің 6,5  айлығында екенін мəлімдеген болатын. Келесі сот отырысы 3 қаңтарға таңертеңгі 10-ға белгіленді.

Еске салсақ, Денис Тенді биыл 19 шілдеде Алматы қаласында белгісіз біреулер пышақтап кеткен еді. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген спортшы көз жұмған болатын. Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық ісқозғалып, күдіктілер іздестірілді. Елбасы Денис Тенге қатысты қылмысты мұқият тексеруді тапсырды. Кейін ҚР ІІМ күдіктілердің ұсталғанын жария етті.

Ал, қыркүйек айының соңында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов аталмыш қылмыстық істің тергелуіне қатысты мәлімет берген болатын.

Бүгін Алматы қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотта белгілі спортшының өлімі бойынша алдын ала сот тыңдалымы өтті.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ