Денсаулық сақтау министрлігі елде corona-такси енгізуді ұсынды

0
1
Қазақстанда жедел жәрдем стансасындағы жүктеме айтарлықтай артты, сондықтан денсаулық сақтау министрлігі corona-таксиді енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: kt.kz

Қызметке такси парктері мен медициналық емес ұйымдардың көліктері қосылып, медициналық қызметкерлерді үйдегі науқастарға тасымалдау үшін мобильді топтар құрылады.

«Қазіргі жағдайда біз үйде емдеуді ең дұрыс шешім деп санаймыз. Амбулаториялық-емханалық көмек қашықтықтан жұмыс түрінде беріледі», — деп түсіндірді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Министрдің сөзіне қарағанда, үйге келген медицина қызметкерлері COVID-19-ды анықтайтын тест алады, пациенттерге кеңес беріп, ем тағайындайды, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын рәсімдейді. Одан әрі науқастың жағдайына мониторинг қашықтан жүргізіледі.

Corona-taxi туралы ұсыныс ведомствоаралық комиссияның қарауына берілді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ