Депутаттар Астана автобустарында жолақыны қымбаттату ұсынысын қолдады

0
3

Астана қалалық мәслихат депутаттары елорда автобустарында сараланған тарифті енгізу идеясын қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: www.kursiv.kz

Депутаттар кезекті сессия отырысында Елорда әкімдігі қаулысының жобасын қарастырып, қолдау білдірді.

Құжатқа сәйкес, жолаушы жол ақысын электрондық картамен төлеген жағдайда жолақы 90 теңге болып қала береді, ал экспресс-маршруттарда — 180 теңге болады. Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалы 180 теңгені құрамақ. Жол жүру ақысын қолма-қол ақшамен төлеген кезде қалалық маршруттардағы баға 180 теңге болады, ал экспесс-маршруттарда 250 теңгеге, әлеуметтік маңызы бар жолаушыларды тасымалдауда 180 теңгеге дейін көтеріледі.

Қала сыртындағы маршруттарда тариф 1 шақырымға 11,5 теңге болады. Ал электрондық карта 1 шақырымға 8 теңгеден асырмайды.

Аталмыш құжатта электрондық төлем жүйесінде ақау пайда болған жағдайда жолаушыға тегін жүру құқығын беру мәселесі қарастырылған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ