Димаш Құдайберген Mask Singer шоуында өнер көрсетті

0
2

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайда өткен Mask Singer шоуына қатысты. Музыкалық шара Қытай телеарналарынан көрсетілді. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Фото: expo2017culture.kz

Аталған музыкалық шарада Димаш қыран құстың кейпінде ән шырқады. Қытайлық жанкүйерлер әншінің өнеріне қайран қалып, керемет қолдау білдірді.

Mask Singer – Қытайдың вокалдық реалити шоуы. Оған қатысқан танымал тұлғалар өзін танытпас үшін бетперде киіп алады. Шоуды Ли Хао жүргізеді. Әншілердің өнерін қазылар алқасы бағалап отырады. Шоудың тұсаукесері 2016 жылғы 18 қыркүйекте Jiangsu Television-да болған.

Айта кетейік, 19 қараша күні Димаш Құдайберген Жапониядағы ABU TV Song Festival 2019 жобасына арнайы шақырылған қонақ ретінде қатысады. Ал 10 желтоқсанда Нью-Йорктегі Barclays Center-де «Arnau tour ENVOY» концертін өткізеді.


ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ