Димаш Құдайберген Ресейде «Песня года» фестиваліне қатысты

0
0

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Мәскеудегі «Олимпийский» спорт кешенінде өткен «Песня года» музыкалық фестиваліне қатысты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Димаш Құдайберген мен Кристина Орбакайте © instagram/kudaibergenov.dimash

Шарада түсірілген видеоларын әнші Instagram парақшасында жариялады. Кадрлардан қазақстандық әншіні ду қол шапалақпен қарсы алғандарын көруге болады.

«Песня года» — Ресейдің музыкалық ән жанрындағы ең басты оқиға. Фестиваль 1971 жылы пайда болған. Бұл фестиваль сахнасында бүгінге дейін шамамен 2000 ән шырқалған.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ