Димаш Ниязов бастаған төрт қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстан шеттетілді

0
6

Қазақстандық төрт кәсіпқой боксшы уақытша жекпе-жектерден шеттетілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі BoxRec.com басылымына сілтеме жасап.

Фото: Baq.kz
Нью-Йорктегі қазақ-полицей Димаш Ниязов, Айдар Шәрібаев, Шыңғысхан Тәжібай және Сағадат Рахманқұлов санкцияға ілікті.

Нью-Йорк штатының атлетикалық комиссиясы Тәжібайды 21 мамырға дейін, ал Ниязовты 27 маусымға дейін шеттеді. Шәрібаев (27 мамырға дейін) пен Рахманқұловты (19 маусымға дейін) Калифорния штатының атлетикалық комиссиясы шеттеді.

Әзірге себебі белгісіз. Медициналық сипаттағы санкция болуы мүмкін.

Димаш Ниязов соңғы жекпе-жегін 28 сәуірде Нью-Йоркте өткізіп, спорттық мансабында тұңғыш рет ұпай санымен мексикалық Анхель Саринадан жеңіліп қалған болатын.

Осындай жағдай Шәрібаевтың да басынан өтті, ол сәуірде америкалық Эндрю Канчиодан мерзімінен бұрын жеңіліп қалған еді.

Рахманқұлов пен Тәжібай шаршы алаңға сәуірде шығып, екеуі де жеңіске жеткен болатын.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ