Доп тәрізді ақылды робот ғарышқа ұшырылады

0
0

Жасанды зердемен толық жабдықталған алғашқы робот ғарышқа ұшырылады деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Фото: Хабар 24 арнасынан алынды

Халықаралық ғарыш экипажына командир Александр Герст, ресейлік ғарышкер Сергей Прокопьев және НАСА-ның ғарышкері Серина Ауньон-Чэнселлормен бірге 29 маусым күні сапарға аттанады.

Бұл жоба неміс авиация және ғарыш орталығының инженерлері мен бағдарлама жасаушы мамандарына тиесілі. Құлтемірді іске қосу үшін Airbus әуекосмос конценрі өкілдері мен IBM алыпының мамандары атсалысты. Доп тәрізді бұл ақылды монитордың салмағы 5 келіні құрайды.

Ол өз бетінше ауада қалқып тұра алады. Сонымен қоса берілген тапсырмаларды тыңдап, оған жауап қатып, уақытылы орындай алады.

Мамандардың айтуынша, бұл құрылғы ғарышқа ұзақ сапар жасаған кезде аса маңызды болмақ.

«Бұл құрылғының толығымен жұмыс істейтініне көзіміз жеткеннен кейін білім беру мақсатында тәжірибе алмасуды жоспарлап отырмыз. Робот жан-жағында болып жатқан құбылысты түсіндіріп, барлығын видеоға жазып отырады. Ал содан кейін практикалық дағдыларды машықтыруға кірісеміз», — дейді жоба басшысы Христиан Карраш.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ