Дубайда жол апатынан қазақстандық әйел қайтыс болды

0
1

Дубайда 35 жастағы Қазақстан азаматшасы жол-көлік апатынан көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігіне Сыртқы істер министрлінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

Фото: Көрнекі сурет
СІМ-нің мәліметінше, қайғылы оқиға 23 маусым күні түнде болған.
1983 жылы дүниеге келген Наргиз Тасибаева Дубайда шаштараз болып жұмыс істеген және онда жалғыз тұрған.
Елшілік Наргиздың Өзбекстандағы туыстарымен байланысқа шыққан. Жақын арада оның мәйіті елге жеткізілмек.
Полиция жол-көлік апаты себептерін анықтап жатыр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ