Әлемдегі ең сенімсіз смартфон анықталды

0
3

Blancco компаниясының деректерінше, Samsung телефондары Android базасындағы ең сенімсіз смартфон болып танылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Фото: Baq.kz
Blancco мамандары 2018 жылдың бірінші кварталы бойынша смартфондардың антирейтингін жасады. 7kun.kz сайтының мәліметіне қарағанда, бұл тізімді Samsung құрылғылары алғашқы болып бастаған. Зерттеушілер оңтүстіккореялық телефон ақауларын 27,5% бағалады.

Android базасындағы ең сенімсіз телефондардың рейтингін келесі болып Xiaomi 14% жалғастырады. Антирейтингтегі алғашқы үштікті Motorola 9,5% аяқтайды. Ал төртінші және бесінші орында Huawei мен InFocus смартфондары тұр.

Apple компаниясының тауарларының арасында iPhone 6 мен iPhone 6s ең проблемалық телефондар деп танылды. Себебі, бұл смартфондардың сенсорының жұмысы мен Wi-Fi және Bluetooth арқылы қосылу амалдарында ақаулар жиі кездеседі.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ