Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасына қатысты видео желіде наразылық тудырды

0
9

Еңбекшіқазақ ауданындағы аудандық ауруханаға қатысты Instagram желісінде жарияланған видео елдің наразылығын тудырды деп хабарлайды UZYN.KZ.

Instagram желісінде желі қолданушылар Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласы аудандық ауруханасының жұмысына қатысты шу шығарды. Олардың айтуынша сағат сегізде ашылуы керек болған аурухана өз уақытында ашылмаған.

Осыған байланысты аурухана алдында адамдар көптеп жиналып қалған. Аурухана қақпасы жабық. Олардың арасында аяғы ауыр әйелдер де бар. Сағат сегізде ашылатын аурухана тек сағат тоғызда ғана өз жұмысын бастаған, дейді желі қолданушысы.

Осыған байланысты Алматы облыстық денсаулық сақтау бөлімі түсініктеме берді. 

«Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасының әкімшілігі kris_p_issyk жарияланған ақпаратты қарастырады отырып, аталған кезек күтушілер таңғы сағат сегіздер шамасында түсірілгендігін хабарлайды.

Қазіргі кезде емхана жұмысы сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін ұйымдастырылған, сонымен қатар тұрғындардың карантин шараларын сақтауына қолайлы болуы үшін арнайы мобильді топтардың жұмысы жолға қойылған.

Мобильді топ мамандары қашықтан кеңес беруі, қажетті жағдайда үйінде көмек көрсетілуін, созылмалы ауру түрлерімен ауыратын науқастарға дәрі-дәрмек құралдарының дер кезінде жеткізілуін ұйымдастырады.

Аталған түсірілімде арнайы мамандар қабылдауына келген тұрғындар кезегі көрсетілген, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 13.08.2020 жылғы №505 бұйрығына сәйкес арнайы мамандар қабылдауы учаскелік дәрігерлердің жолдамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Аудан тұрғындарын карантин шараларын сақталуын өтінеміз және арнайы мамандар қабылдауына бару қажеттілігін ескере отырып, емхана жұмысы 2020 жылғы 26 тамыздан бастап сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін жүргізіледі», — делінген хабарламада.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ