Екі әйел көз жұмған перзентхана екі күн жұмыс істемеген

0
5

Астанадағы №1 Перинаталды орталықта 21 маусым мен 25 маусымдағы жаңа босанған екі әйелдің өлімінен кейін мекеме екі күн жұмыс істемеген. Бұл туралы Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Сәуле Мукушева мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

Фото: Көрнекі сурет
«Инфекцияға қатысты мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді. Екінші өлімнен кейін осы жағдайдан соң ретке келтіру үшін мерзімінен бұрын босанатындарды №3 перинаталды орталыққа, шұғыл босанатындарды №2 перинаталды орталыққа жібердік. №1 перинаталды орталық кеше 26 маусымда 20.00-ден бастап қайта жұмыс істеді»,- деді ол.

Ол алдын ала қызметтік тергеуден соң осы іс бойынша орталыққа республикалық комиссия келіп жұмыс істейтінін айтты.

«Гестологияға анализ алынды, ол он күннен кейін дайын болады. Сол кезде неден қайтыс болғанын айта аламыз. Тергеу жүріп жатыр. Балалар тірі, олардың жағдайы ауыр, бірақ қалыпты. Қазір реанимацияда жатыр», — деді Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ