Екі дүркін олимпиада чемпионы өмірден өтті

0
0

Спорт гимнастикасынан екі дүркін олимпиада чемпионы Елена Шушунова 50-ге қараған шағында Санкт-Петербургте өмірден озды деп хабарлайды ҚазАқпарат ТААС-қа сілтеме жасап. 

Фото: Sports.ru

«Шушунованы кеше әпкесі ауруханаға жеткізген, өкінішке қарай, түнде чемпион қайтыс болды. Мүрдені тексеру нәтижелері әлі шыққан жоқ. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, Шушунованың өліміне пневмониядан кейінгі аурудың асқынуы себеп болуы мүмкін», — дейді федерацияның баспасөз атташесі Елена Михайлова.

Шушунова 1988 жылы өткен Олимпиада ойындарының абсолюттік чемпионы.

Сол жылғы Олимпиадада дара жарыстан бөлек, командалық турнирдің алтын медалін, сондай-ақ күміс және қола медальдардың иегері атанған.

Командалық бәсекеден, көпсайыстан әлем чемпионы, ал көпсайыстың жеке түрлері бойынша үш дүркін әлем чемпионы болған.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ