Елбасы «Apple» компаниясының негізін қалаушылардың бірі Стив Вознякпен кездесті

0
2

Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумына қатысуға келгені үшін С.Вознякқа ризашылық білдіріп, оның пленарлық отырыста сөйлеген сөзінің мазмұнды әрі өзекті болғанын айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Астана қаласы, «ЭКСПО» конгресс орталығы. Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті эмиссиялық орталықтар арқылы бақыланбайтын криптовалюталардың пайда болу себебі әлемде бір ғана валютаның үстемдік етуіне байланысты екенін айтты. Мемлекет басшысы Қазақстан есеп айырысу кезінде ұлттық валютамен қатар басқа да валюталарды пайдаланатынын атап өтті.

С.Возняк осындай жоғары деңгейдегі іс-шараға қатысуға, жаһандық сын-тегеуріндерге қатысты өз ойын ортаға салуға мүмкіндік бергені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.

– Валюталардың сымсыз байланыстан айырмашылығы, ешқашан универсалды болған емес. Дей тұрғанмен, криптовалюталардың үлкен артықшылығы олардың бақылауға алынбайтындығында, дамуының тежелмейтіндігінде және универсалды әрі жаһандық валютаға айналатындығында, – деді компания жетекшісі.

Кездесу барысында тараптар цифрландырудың жекелеген мәселелерін және криптовалюталарды дамыту перспективаларын талқылады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ