Елбасы Бейжіңде Халық батырлары ескерткішіне гүлдестесін қойды

0
2

Қытайда мемлекеттік сапармен жүрген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бейжіңде Халық батырлары ескерткішіне гүлдестесін қою шарасына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халық батырлары ескерткіші Қытайдың ұлттық монументі саналады. Ескерткіш ХІХ-ХХ ғасырларда өмірін Қытай халқының революциялық күресіне арнаған батырларды мәңгі есте сақтау мақсатында 1949 жылы 30 қарашада Қытай халықтық саяси-консультативтік кеңесінің бірінші жалпы отырысында қабылданған қарар негізінде салынған. Жоба авторы — Лян Сычэн.

Дегенмен ескерткіштің кейбір элементтерін оның жұбайы Линь Хуэйинь қосқан. Құрылыс жұмыстары 1952 жылдың тамызынан 1958 жылдың мамырына дейін жүргізілген. Монументтің биіктігі кейбір бағалауларға қарағанда шамамен 37,94 метрді құрайды. Ал аумағы 3 мың шаршы метрді алып жатыр.

17 мың мәрмәр және гранит блоктардан тұрғызылған ескерткіштің салмағы 10 мың тонна.  Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға мемлекеттік сапармен келіп, кеше ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді. Нәтижесінде бірнеше құжатқа қол қойылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен, ҚР Президенті Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен кездесті.

Ал 10 маусым күні ҚР Президенті Циндао қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне қатысады деп күтілуде.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ