Елімізде демалыс күндері 39°С дейін аяз болады

0
1

«Қазгидромет» РМК 22-24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: Podrobnosti.ua

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанға әсерін тигізген антициклон алдағы күндері әлсірегенмен аяз күшейіп, Батыс Сібірдің орталық аудандарына ауысады. Циклон Қазақстанға әсерін тигізеді. Сондықтан алдағы демалыс күндері және дүйсенбіде елімізде аязды, көбіне жауын-шашынсыз күн райы болжанып отыр.

Республиканың жекелеген өңірлерінде қар жауып, оңтүстік және оңтүстік-шығыс, батыс аймақтарда тұман түседі, көктайғақ болады. Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс облыстарында түнде ауаның температурасы 30…39°С-ға дейін төмендейді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ