Еліміздің бірқатар өңірлерінде 43 градусқа дейін ыстық болады

0
1

Синоптиктер 17-19 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Фото: ҚазАқпарат

«Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-батыс және батыс өңірінің кей жерлерінде алдағы үш тәулікте ауа температурасы плюс 40…43 градусқа дейін ыстық болады.  Бұл ауа райы Кіші Азия аудандарынан ыстық ауаның келуімен байланысты. Республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс облыстары атмосфералық ауа ағындарының ықпалында болады. Осы өңірлерге Сібірден салқын және ылғалды ауа массалары ауысып, найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады», — делінген хабарламада. Ал, солтүстік облыстарға Кола түбегінен жылжыған антициклон  ығысып, жауын-шашын тоқтайды.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ