Еліміздің дүкен сөрелерінен талапқа сай келмейтін шұжық өнімдері алынуда

0
6

Еліміздегі тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау шеңберінде шұжық өнімдерінің 1241 сынамасына сараптама жүргізілді, бұл ретте 285-і техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды, деп хабарлайды Baq.kz аагенттігі ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетіне сілтеме жасап.

Фото: ашық дереккөзден

Сонымен, Солтүстік Қазақстан облысының сауда объектілерінде консерванттың құрамының жоғары болуы және натрий нитритінің (нормасы 50 мг/кг) түсін бекіткішінің және левомицетин антибиотигінің (нормасы 0,01 мг/кг) болуы бойынша техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін шұжық өнімі анықталды.

Петропавл қаласының «Северный» супермаркетінде «Стародворские колбасы» ЖАҚ-ның ресейлік өндірісінің «Докторская» шұжығында (өндірілген күні — 2018 жылғы 14 маусым) натрий нитриті құрамының көрсеткіші — 66,6 мг / кг құрады.

Қызылжар ауданының Тепличное селосындағы ЖК О.И.Белякова «Уют» дүкенінде «Омский бекон» АҚ-ның «ПОПУЛЯРНАЯ» пісірілген шұжығының (өндірілген күні – 2018 жылғы 31 мамыр) осы көрсеткіші 60,6 мг / кг. құрайтыны анықталды.

Сондай-ақ, Жамбыл ауданының Пресновка селосындағы «Сова» дүкенінде «Омский бекон» АҚ-ның мынадай өнімдерінің талаптарға сәйкес еместігі анықталды: «Бутербродная» пісірілген шұжығы, B санаты (өндірілген күні – 2018 жылғы 11 маусым), натрий нитритінің құрамы — 109,8 мг / кг; «Походная» құс етінен жасалған жартылай сүрленген, екінші сұрыптағы шұжық, (өндірілген күні – 2018 жылғы 15 маусым) — 72 мг / кг.

«Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосымша заттардың қауіпсіздік талаптары» техникалық регламенті талаптарына сәйкес шұжық өніміндегі натрий нитратының шекті-рұқсат етілген шоғырлану деңгейі 50 мг/кг. құрайды», — делінген ведоство хабарламиасында.

Аталған сәйкессіздіктен басқа «Омский бекон» АҚ өнімінде левомицетиннің артық мөлшері анықталды: «Южная» құс етінің пісірілген, екінші сұрыптағы шұжығы, (өндірілген күні – 2018 жылғы 13 маусым), нитриттің массалық үлесі — 109,2 мг / кг, левомицетин — 0,05 мг / кг; «Сельская» құс етінен жасалып пісірілген, екінші сұрыптағы шұжығы, (2018 жылғы 13 маусым), нитрит құрамының көрсеткіші – 87,0 мг / кг, левомицетин — 1,5 мг / кг; «Заречная» құс етінен жасалып пісірілген, екінші сұрыптағы шұжығы, нитрит құрамының көрсеткіші — 65,4 мг / кг, левомицетин — 1,12 мг / кг.

«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздік талаптары» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес шұжық өнімдеріндегі левомицетиннің шекті-рұқсат етілген шоғырлану деңгейі 0,01 мг / кг құрайды», — дейді мамандар.

Мамандардың айтуынша, құрамындағы натрий нитриттері мен антибиотиктері, яғни левомицині жоғары тамақты қолдану кезінде адамның денсаулығының төмендеуі байқалуы мүмкін. Осылайша, нитриттер адамның қанымен араласып, нәтижесінде метемоглобин деп аталатын зат пайда болып, оттегінің алмасуы функциясын болдырмайды, ол оттегінің жетіспеушілігіне (гипоксия) алып келеді. Гипоксия кезінде әлсіздік, өзін нашар сезінуді, ұйқышылдықты, құсу, жүйке жүйесі, жүрек функциясының, бүйрек пен бауыр тіндерінің бұзылуын тудырады.

Сонымен қатар, құрамында антибиотиктердің қалдық мөлшері бар тамақ өнімдерін ұзақ пайдалану адам үшін қолайсыз салдар тудыруы мүмкін: аллергиялық реакциялардың, дисбактериоз, анафилактикалық шок, организмдегі микрофлораның антибиотикке төзімділігінің пайда болуы, соның салдарынан әртүрлі қабыну ауруларын емдеу үшін антибактериялық препараттарды таңдау қиынға соғады.

Бүгінде комитет сәйкес келмейтін өнімдерді алып тастау және жою бойынша шараларды жүргізуде, еліміз бойынша барлық аумақта күшейтілген зертханалық бақылау жүргізіледі, Ресей Федерациясының Тұтынушылардың құқықтарын қоғау және адамның әл-ауқатын қадағалау жөніндегі Федеральдық қызметіне , сондай-ақ өндірушілерге хабарлама жіберді.

.

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ