Елордалық жігіттер «тоқал алуға» қарсы емес екендіктерін ашық айтты

0
2

Бүгінде елімізде құдай қосқан бәйбішеден бөлек, қос-қостан «тоқал алу» трендке айналуда. Әсіресе, Қазақстандағы бай-бағландардың бірнеше әйел алуға құмар келетіні баршаға аян. Осы орайда, NUR.KZ  астаналық ер-азаматтардың қазақтың «ескі салтына» қатысты пікірлерін тыңдап қайтқан еді. Бір қызығы, астаналық азаматтардың дені тоқал алуды қолдайтын болып шықты.

Көрнекі фото: Yvision.kz

Елордалық жігіттер «тоқал алуға» қарсы емес екендіктерін ашық айтты. Олардың пікірінше, бұған тек үйдегі «бәйбішесі мен балаларының рұқсатын» алу керек екен.

«Негізі өте ыңғайсыз сұрақ екен. Отбасым болғандықтан, жауап беруге де ыңғайсызданып тұрмын. Меніңше, «тоқал алу» дәстүрі бүгінде қайта жаңғырып келеді.

Мұндай салт бұрындары да болған, тіпті, тарихтағы хандарымыз бен билердің, сал-серілердің өзінің бірнеше әйелдері болған.

Кеңес Одағы тұсында бұл дәстүрлердің бәрі жойылды да, қазір енді қоғамда қайта жанданып келеді.

Жағдайың болса, бірнеше әйел мен балаларыңды асырай аламын десең, онда тұрған не бар? Бәйбішең мен балалардың рұқсатымен, екінші әйел алуға болады деп ойлаймы», — дейді жасы 40-тан асқан ер-азаматтардың бірі.

Ал, елордаға оқуға түсуге келген бір топ жас жігіт болса, «тоқалды тек байлар ғана алады» деген пікірді ортаға салды.

«Достарымызбен сонау Тараздан келіп қалдық. Біз жақта ол дәстүр баяғыда-ақ қалыпты жағдайға айналған.

Мысалы, бір танысымыздың ағасы әйелі тек қыздарды дүниеге әкелген соң, екінші әйел алуға мәжбүр болған. Әрине, бәйбіше мен тоқал бір үйде тұрмайды, бірақ, ағамыз екі шаңыраққа бірдей қарайды.

Ол кісінің жеке шаруа қожалығы, бірнеше сауда нүктелері бар дегендей. Екі әйелді, балаларын асырайтын жағдайы жетіп жатыр.

Жалпы, тоқалды көбінесе байлар алады ғой? Қарапайым халық бір отбасын асырай алмай жүргенде, екіншісін қалай бағып-қақпақ?», — деп күлді жігіттер.

Сауалнамаға қатысқандардың арасында «тоқалдардың дені жұмыссыз, жас қыздар екенін» айтып жатқандар да болды.

«Жалпы кінәнің бәрі қыздардан деп ойлаймынҚазір өрімдей жас қыздардың өздерінен бірнеше жас үлкен, тіпті, әкелерімен жасты еркектерге тұрмысқа шығып жататындарын жиі көретін болдық.

Мысалы ауылдан келген, білімі жоқ қыздар қалаға келіп, қалталы еркектерді аңдитынын естіп жатамыз. Сөйтіп жүріп, отбасылы адамдардың шаңырақтарын бұзады немесе солардың ашынасы болып алады. Бірақ мұндай қарым-қатынас ұзаққа бармайтын шығар.

Құдай бәрін төбеден көріп тұрады ғой? Бәрі тәрбиеден, ата-аналары ақшаның соңына түспей, бір мезгіл балаларының, әсіресе, қыздарының немен айналасып жүргендіктерін біліп отырулары керек.

Бірақ біз ақыл айтқанмен, шешім өздерінде. Тоқал болу өздеріне ұнап жатса, оларға қалай «қой» дейсің?», — дейді жасы 50-ден асқан елордалық ер-азаматтардың бірі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ