Ертаевқа Ресейде тұруға рұқсат беретін құжаттың күші жойылды

0
32

Бас прокуратура «РБК Банк» АҚ директорлар кеңесі төрағасының экс-кеңесшісі Жомарт Ертаевты Ресей Федерациясынан экстрадициялау бойынша шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлайды Baq.kz.

Фото желідегі ашық дереккөздерден алынды
Атап өтсек, Жомарт Ертаев банктің 160 млн доллар қаржысын жымқырғаны үшін іздестіріліп жатыр.

ҚР Бас прокуратурасының арызы бойынша 2018 жылғы 14 маусымда Мәскеу қаласының Пресненский аудандық соты тағайындаған «үй қамаққа алу» бұлтартпау шарасы биылғы жылдың 8 қарашасына дейін ұзартылды.

«Сондай-ақ, біздің арызымызға сәйкес Мәскеу қаласы бойынша Ресей ІІМ Бас басқармасының 2018 жылғы 6 маусымдағы шешімімен Ертаевқа 2017 жылғы қарашада берілген Ресей Федерациясында тұруға рұқсат құжаттың күші жойылды», — деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.

Бас прокуратура ресейлік әріптестерімен бірлесе отырып, Жомарт Ертаевты Қазақстанға экстрадициялау бойынша шараларды жалғастырып жатыр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ