«FIFA-2018» матчтарына баратын қазақстандықтарға медициналық сақтандыру қажет

0
1

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі футболдан Әлем чемпионаты өтетін кезде Ресейге баратын Қазақстан азаматтарына халықаралық үлгідегі медициналық сақтандыру алуға кеңес береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

«25 мамырдан 25 шілдеге дейінгі аралықта футболдан Әлем чемпионаты өтуіне байланысты, шетелдік азаматтардың Ресей Федерациясында тіркелу ережесі өзгертілді.

Өзгерістер тек матчтар өтетін: Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Сочи, Волгоград, Екатеринбург, Калининград, Нижний Новгород, Дондағы Ростов, Самара және Саранск қалаларында жүреді. Сондықтан осы кезеңде Ресейге баратын барлық қазақстандықтар аталған қалаларға келгеннен соң үш күн ішінде РФ ІІМ аумақтық органдарына немесе Мемлекеттік және муниципиалдық қызметтердің көпфункциялы орталықтарына жүгінуі тиіс», — дейді Елшіліктің баспасөз хатшысы Ж. Колбачаева.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ