Филиппинде тайфун салдарынан қаза тапқандар саны артты

0
1

Филиппинде «Мангхут» тайфунының салдарынан қаза тапқандар саны 65 жетті, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Фото: AFP

Бұған дейін 59 адамның көз жұмып, 16 адамның хабар-ошарсыз қалып кеткені туралы хабарланған болатын.

«Манхут» тайфуны салдарынан қаза тапқандар саны 65 жетті. Оның ішінде, 54 адам Кордильер әкімшілік өңірінде опат болған», — деп жазылған хабарламада.

Белгілі болғандай, 43 адам ұшты-күйлі жолғалып, 64 адам түрлі жарақат алған.

Еске сала кетсек, «Мангхут» атты күшті тайфун жүма күні кешке Филиппиннің солтүстік-шығыс жағалауына жеткен болатын. Елдегі атмосфералық, геофизикалық және астрономиялық қызмет басқармасы архипелагтың кейбір аралдарындағы жел екпіні сағатына 170 шақырымға, ал Лусон солтүстігіндегі толқындардың биіктігі алты метрге жеткенін хабарлаған болатын.

Сонымен қатар, алдағы күндері нөсер жауады деп күтілуде. Осыған байланысты төтенше ескерту жарияланыпты.

Билік мәліметі бойынша, тайфун өңірдегі 250 мың адамға кесірін тигізіп отыр. Қазіргі уақытта 150 жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ